Жазыл етістігінің қимыл атауы. 1. Сөзін қағазға түсіру. Бес не, төрт не? Әлгі бір төрт қойған жұмысқа қарағанда, бұл мазмұны жағынан да, ж а з ы л у үлгісі жағынан да жоғары тұр (М.Дүйсенов, Мейман.). 2. Тіркелу, жазып тіркетіп қою. Қысқы отын қамымен көмірдің кезегіне ж а з ы л у ғ а бірер жұмысшы асығып барады (Д.Досжанов, Тұлпар.).