зат. Баспа өнімдерін, оның ішінде мерзімді басылымдарды үзбей алып тұруға алдын ала жасалатын арнайы тіркелім. Ж а з ы л ы м м е н таратылатын кітаптарды насихаттауға сауда қызметкері ғана емес, бүкіл мәдени интеллигенция, әсіресе, кітапқүмарлар қоғамы көңіл бөліп отырса, тіпті жақсы болар еді («Қаз. әдеб.). Қойкелдінің үйінде де кітап көп, радио бар, телевизор бар, кешіксе де келіп тұратын ж а з ы л ы м баспалары бар (Ә.Тарази, Бұлтқа сал.). Ж а з ы л ы м н ы ң ұжымдық түрлерін де ойластырыңыз, егер қызметтестер, оқушылар, студенттер, көршілер өзара бірігіп, өздеріңізді қызықтыратын бір немесе бірнеше газет пен журналдарға жазылып, кезектесіп оқитын болсаңыз – едәуір қаржы үнемдеуге де болады («Егемен Қазақстан»)