ЖЕК КӨРУ

lat: JEK KÓRÝ

тілімізде жек көрінішті, жексұрын, сүйкімсіз дейтін атаулармен қолданыла береді. Жек көру сүйкімсіз, мінез-құлқы мен іс-әрекеті жағымсыз адамға қатысты білдіретін көңіл күйі. Жек көру негізінен, адамның оғаш қылықтарын, дөрекі мінезі мен жүріс-тұрысының да жексұрын қимыл-қозғалыстарын білдіреді. Жек көру адамның ұнамсыз, тартымсыз, қылықсыз, жағымсыз түр-сипатынан, ісқимылынан, сөйлеген сөзінен, өзге адамдармен жағымсыз қарым-қатынасынан да көрініп тұрады да маңындағылардың жек көру сезімін тудырады. Жек көру адамның өзге адамдарға деген көніл күйінің қатынасын білдіретін сезімі. Жек көру сезімінің туындауы ең алдымен жеке басындағы кісілік қасиеттерінің жоқтығы; екіншіден, маңындағы адамдарға жағымсыз мінезқұлқының ұнамсыз жақтарымен көзге көрінуі; үшіншіден, өз басының әлеуметтік орны мен азаматтық борышына немқұрайды қарап, қарымқатынас жасаудағы жағымсыз, оғаш әрекеттеріне байланысты болып отырады. Жек көру сәбилер мен бүлдіршіндердің өмірінен айқын байқалып отырады. Ойын үстінде балалар біріне-бірі дөрекілік жасап, құрбысына әділетсіз әрекет жасаса, оны өзгелері жек көріп, оған жиіркенішті сезіммен қарайтын болады. Ондай құрбыларымен бірлесіп ойнағысы келмей тартыншақтық көрсетеді. Жек көру мінездің өзіндік ерекшелігін білдіретін сезіммен тығыз байланысты психологиялық күй. Жек көру сезімі адамды дұшпанға, қаскөйлердің жауыздық әрекеті мен дұшпандық ісәрекетіне деген көзқарасында тұрақты болып келеді. Жек көру жексұрындық пен сүйкімсіздік адамның жан дүниесіне қолайсыз әсер етіп, көңіл күйін жабырқатады, мұңаю мен қамығу сезімін оятып ренжітеді. Психологияда адамның өз көңіл күйін билеп, жабырқау мен мұңаюдан бойын аулақ ұстауы ерікті әрекеттеріне байланысты деп көрсетеді.