lat: JEKE
(пар. иеке يكه) – дербес, дара, жалғыз.
Жаһанда атым шыққан жалғыз жеке, Диуана қожасынған барған Мекке («Қисса-и Қарабек». Бабалар сөзі. 44-том. 2007. 100 томдық).
Налимын жеке отырып жаппар хаққа, Қара түн туғыздың деп біз бибаққа, Отырған жерде жауды жоқ қылсам деп, Кей-кейде көз саламын шатыр жаққа («Гүлкәшимә». Дастандар, 1960).
Дүниеде неше түрлі нығымет бар ғой, Сонда да сенің жөнің жеке дара («Сұлтанмахмұт Торайғыров». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).
Жеке басың қол болсын – жалғыз басың көбейсін.
Ей, диуана, жол болсын, Жеке басың қол болсын («Алпамыс батыр» (1939 жылғы «Батырлар жыры» кітабында жарияланған нұсқа). Бабалар сөзі. 33-том. 2006. 100 томдық).