lat: JEKE
сын. 1. Дербес, өз алдына, бөлек . Олар мерзімді баспасөзде де, жеке кітап болып та жарық көріп, жұртқа тарап кеткен, кезінде өздерінің бағаларын алған, пікір айтылған дүниелер болып шықты (4,306). Бұрын жеке кітап боп жарияланған жинақтарға жұрт пікірін айтып, берер бағасын беріп те қойған (4,282).
2. Дара, жалғыз .
Жігіт емес, өңшең бір жидігерлер,
Жидігерге қор болып өткеннен де,
Соларға да ғашық боп тиді кімдер?
Жеке өзіме жесірдің билігін бер! (3,64).
Қимылдаса ши басы, секем алып,
Құйын болып далада кетеді ағып.
Үйірінен үзіліп жеке қалып,
Жарысатын желменен жеке барып (3,154).