ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

lat: JEKESHELENDİRÝ

жекешелендіру дегеніміз меншік иесі ретінде мемлекеттің еркімен «Жекешелендіру туралы» Заңында белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде немесе ол анықтайтын тәртіппен жүргізілетін, мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне сату («Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы №2721 ҚРЗ 1-бап)