ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ СУБЪЕКТІЛЕРІ

lat: JEKESHELENDİRÝ SýbektİLERİ

жекешелендіру субъектілері сатушы және сатып алушы болып табылады. Сатушы жекешелендіруді жүргізуге уәкілдік берілген мемлекеттік орган. Сатып алушы жекешелендіру барысында мүлікті сатып алатын жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға немесе шетелдік заңды тұлға. Сатып алушы жағынан бірнеше тұлға қатысқан жағдайда олар бірлесіп іс жасайды («Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы 2721 ҚРЗ 2-бап)