lat: JELİ
екі қазыққа керілген арқан. Желі түйе, жылқы, сиыр төлдерін қатарластырып байлауға арналды. Желі екі қазықты екі жаққа қиғаштап жерге қағып, арқанды керу арқылы жасалады. Желінің ұзындығы байланатын төлдің санына байланысты болады. Төлдерді желіге бірнеше тәсілдер арқылы байлайды. Соның бірі – ноқта сағағына тағылған қайысбау арқылы байлау, келесісі – желідегі тиекке тиектеп бекіту. Мал төлдерінің түріне байланысты бұзау желісі, құлын желісі, бота желісі деп аталады.