ЖЕЛІ

lat: JELİ

кереге қанатын құраушы ұзынды-қысқалы жуандығы екі елі, ені бір елідей басы иілген сырықтар. Желілер көбінесе жас қайың мен талдан жасалады: оның ұзындары ерісі, орташалары сағанақ, қысқалары балашық, ұсақтары бақалтақ деп аталады. Желілер бір-бірімен беттестіріліп, үскімен тесіліп, көнмен көктелген соң керегені құрайды. Кереге түріне қарай орта есеппен 24-36 желі болады: тор көзді керегелерде желі саны 34-40 болса, желкөздіде 24-36. Осыған байланысты уық байлантатын кереге басы желі санынан екі есе аз, яғни 12-18 болады.