ЖЕЛI-

lat: JELI

малды сауған кезде төлдерді құлын, бұзау, қозы-лақтарды байлап қою үшін екі қазыққа кере тартып байлаған арқан. «Осы ұзақ қатар үйлер бойында, аулағырақта ж е л і - ж е л і құлындар көрінеді. Желі бойындағы жылқылардың биелерінен гөрі жарау, семіз, саяқ аттары көп. Өзеннің екі жағында біріне-бірі жалғаса, жиі тартылған желілер сиязға тіккен үйлердің бір шеті мен бір шетінен де алысыраққа созылған». Бұл Балқыбек сиязына дайындықтың ерекше көз тартар көрінісі («Тарауда»).