ЖЕЛҚАЙЫҚ

lat: JELQAIYQ

желдің көмегімен қозғалатын желкенді қайық. Халық арасында «Тәуекел түбі желқайық мінесің де кетесің, уайым түбі тұңғиық батасын да кетесің» деген сөз тіркестері бар. Жел бағытына байланысты қайықтың қозғалысына әсер ететін берік көлемді матадан жасалған құрылғыны желкен деп атайды. Желқайықты Арал, Каспий теңізі, Балқаш көлі сияқты үлкен су айдындарында қолданылған. Желқайықпен ашық айдынға шығып бірнеше күн балық аулап немесе жүк тасымалдауға қолданған.