соғыс құрбандарын қорғау туралы халықаралық конвенциялар. Женевалық Конвенциялар 1949 ж. 12 тамызда қол қойылды және мыналардан тұрады:
1) Қолданыстағы әскерлердегі жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы;
2) Жаралылар, аурулар және теңіздегі қарулы күштер құрамындағы кеме апатына ұшыраған адамдардың жағдайын жақсарту туралы;
3) Әскери тұтқындармен қарым-қатынас жайлы;
4) Соғыс кезіндегі азаматтық тұрғындарды қорғау туралы.
1977 ж. Женевалық Конвенцияларға екі қосымша хаттама қабылданды: І Хаттама, халықаралық қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғауға қатысты және ІІ Хаттама, халықаралық сипаттағы емес қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғауға қатысты.