ЖЕР ДАУЫ

lat: JER DAÝY

дәстүрлі қазақы ортада жесір дауымен деңгейлес қайшылықты білдіретін ұғым. Аты көрсетіп тұрғандай, көшпелілердің тіршілікқамы жүйесінің ең негізгі компоненттерінің бірі әрі табиғи субстанциясы жерге байланысты туындайтын дау. Жер дауы рулас, тіпті жақын ағайындар арасында да, руаралық деңгейде де туындап отырды. Осыған орай жер дауын ру-қауымдық (жетіаталық құрылым ішінде) және руаралық(жайылымдар мен шабындық жерлері іргелес екі, кейде үш жетіататалық ру-қауымдардың арасында) деп жіктеуге болады.