зақымдау құралдары әсерін әлсіретуге мүмкіндік беретін жергілікті жер бедерінің, өсімдіктері мен заттарының ерекшеліктері. Адырлы жерлер, ойпат, өзек, жыра арқылы бөлінген жерлер ең жақсы қорғаныс аумағы болады. Жыра соққылы толқын әсерін 1,5 есеге дейін, орманды аумақтар толқын әсерін екі есеге дейін әлсіретеді, ал сәулелену әсерін 6-8 есеге дейін төмендетеді. Жазыққа қарағанда, биіктіктің кері ылдиындағы ядролық жарылыстың соққылы толқын қысымы 2-2,5 есеге аз. Аумақтың қыртыстары жарықпен, сәулелену мен радиация енуінен сақтайды. Жер асты үңгімелері, үңгірлер және басқа да жер қа батының табиғи үңгімелері әр түрлі қарудың зақымдау әсерінен сенімді қорғайды.