ЖЕРГЕ ЗАТТАЙ ҚҰҚЫҚТАРДЫ БҰЗУ

lat: JERGE ZATTAI QUQYQTARDY BUZÝ

азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тінтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесіне заңсыз кіріп кету, сол сияқты бөтен біреудің жер учаскесін заңсыз басып алу (1997 жылғы 16 шілдедегі167 ҚР ҚК 186-бап)