ЖИЕН-

lat: JIEN

туыстық атау. Бала шешесінің ата-анасына, туған-туыстарына, аталас-рулас адамдарына Ж. болады. Ж. нағашыларына батымды келеді. Дәстүр бойынша, нағашысы Ж-іне қалағанын беруі тиіс. Сондықтан Ж. нағашысынан «берсе қолынан, бермесе жолынан» алуға ерікті. Ол үшін Ж. айыпты болмайды. Демек «өз жұртың күншіл, қайын жұртың сыншыл, нағашы жұртың тілеуқор». «Базаралы бұл елге кеше ғана келген. Осы ауылдарда ж и е н д е р і бар еді. Және Тоғалақтың осындағы бір атасының, бір топ ауылдарының шешелері Жігітек қызы болатын» («Шайқаста»).