ЖИЕН

lat: JIEN

ұзатылған қыздан туған бала. Жиен атауының ағайын-туыстық қатынаспен, этикалық қатынаспен, құқықтық қатынаспен байланысты қырлары бар мазмұны күрделі ұғым.                       Жиен ұғымының туыстық қатынаспен байланысты қырлары: жиенге анасының төркіні нағашы болып келеді. Жиен бір ғана отбасына, немесе ауылға ғана емес, сол жердегі руға жиен, ал олар жиенге нағашы болып келеді. Нағашы жұртынан қыз алған жігітті жиен күйеу, ал жиеннен туғанды жиеншардейді. Бірақ «нағашы-жиен» туыстығына байланысты халық түсінігінде бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі пайымдау бар. Жиен тағайына (нағашысына) тартады; жігіттің жақсы болмағы нағашыдан, үйдің жақсы болмағы ағашынан; қыздан туғанның қиығы жоққыздан туғанның бөтендігі жоқ») деп, жиенді бауырға жақын тартып, қандастық туыстығын ерекше бағалайды. Байырғы қазақ тұрмысымен байланысты аңыз-әпсаналарда қайсыбір батырдың бала кезде нағашы жұртында өскендігі айтылады. Мысалы керей Жәнібек батыр біраз жыл нағашысының тәрбиесінде болған. Жиенмен байланысты мұндай ұғымдар мен түсініктерді бір кездегі аналық қауым (матриархатық) идеологиясының әсері болуы мүмкін деп жорамалдауымызға негіз жоқ емес.                                                                  Қазақ қоғамындағы осы ғұрыпқа қарама-қарсы қойылатын түсінік бар. Рушылдық салт бойынша ұлдан туған бала өз ұрығы, қыздан туған бала өзге ру, өзге атаның ұрығы деп есептеледі. Бұл түсінік «қыз жат жұрттық» деген сөз орамындағы ұғыммен өзара байланысты. Алмағайып кезде жиен өз руына тартып кетеді, сондықтан «жиен ел болмас, желке ас болмас»деп тұжырады. Жиеннің ата-тегі бөлек, қанша бауырға тартып икемдесең де өз атасының руына тартып кетеді дейді. Қазақ қоғамындағы осы екі параллел этикалық жолмен де, құқықтық тәртіппен де реттеліп отырған.