( арабша داهجلا – тырысу ,) – ислам доктринасында Жихад туралы əр түрлі қағидалар бар. Солардың ішінде жихад. күресінің мынадай жолдары көрсетіледі: 1. өз кемшіліктеріне қарсы жихад – əр мұсылманның өз кемшіліктерімен жеке күресі. Жихадтың ең қиын формасы, өйткені өзі күнəға жататын құмарлығы мен рухани кемшіліктерін жеңбей, адам дін идеалдарының жеңісі үшін күрес жүргізе алмайды; 2. өз танымы үшін жихад ету – адам тұлғасының жетілуіне жəне надандыққа қарсы тұруға жетелейтін түрлі ғылымдарды оқу, білімдарлық, ғалымдық; 3. материалдық байлыққа қарсы жихад – осы дүниедегі проблемалардың көбін ақша, мүлік, жылжымайтын мүлік арқылы шешу жолына қарсы күрес; 4. Ұрыс майданындағы жихад – адамдардың өмірі мен мүлкін қорғау, мемлекетті басқыншылықтан қорғау үшін соғыс жүргізу исламда парыз (фард) болып саналады. Соғысқа қатысатын мұсылмандар – муджахидтер, ал мұндай соғыстарда қаза тапқандар шахидтер деп аталады. Оларға Алла ең жоғарғы орындарды беріп, жұмаққа кіргізеді. Соғысқа қатысқан тірі адамдарды ғазия деп атайды. Басқа мұсылмандардың ар-намысын қорғай алатын болса, жихадты жүргізу міндеті мұсылмандардың белгілі бір бөлігіне ғана жүктелуі мүмкін (фард аль-кифая) жəне қажет болса əр мұсылманға жеке жүктелуі де мүмкін (фард аль-айн). Жихадтың мақсаты ақиқат орнату мен кез келген əділетсіздікті жою. Жихад кек алу, өлтіру, басқа адамдарды тонау немесе түрлі халықтарды жаулап, тəуелді ету мақсатында жүргізілмейді. Оны қоғамдағы кемшіліктерді жойып, əділеттікті орнату үшін жүргізу қажет. Сонымен қатар Жихад исламды мəжбүрлеп қабылдату үшін де жүргізілмейді, өйткені адамдарды дін қағидаларымен таныстыру керек жəне адамдарға исламды тек өз қалауымен ғана қабылдауға жағдай жасау керек.