Жер бетінде ауалы ортада тіршілік етіп, бірінші реттік сулармен қарым-қатынасын жоғалтқан ағзалар. Өсімдіктер әлемінің негізгі үш тобының бірі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығыңда ұрықтары болғандықтан, олар ұрықты ( Emlryophyta немесе Embryobionta ) деп аталды. Ал денесі сабақ, тамыр және жапырақтарға бөлінгендіктен, оларды жапырақ-сабақты немесе өркенді ( Cormophyta немесе Cormobionta ) деп атады.