ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИПІ

lat: JOǴARY JÚIKE QYZMETİNİŃ TIPİ

Жүйке жүйесінің комплекті түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай қызмет жоғары жүйке қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді. Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс-әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болып табылады.