ЖОЛ

lat: JOL

адамдардың, малдың, күш көліктердің үздіксіз жүрісінен ізденіп салынған соқпақ немесе сүрлеу. Жол бүкіл ру адамдарының сан ғасырлар бойы жинақталған өндірістік-шаруашылық тәжірибесінің нәтижесі десе де болады. Өйткені, мерзімдік жайылымдардың (қыстау, күзеу, жайлау, көктеу) арасын байланыстыратын жолдың қалыптасуы аталмыш тәжірибенің нәтижесінде ғана жүзеге асады.