ЖОЛ

lat: JOL /258/

зат. 1 . Адам, күш көлігі жүретін, тапталған із, сүрлеу .

Аппақ қар тақтақ жолдарда

Жақсы аттар, шана заулайды.

Адыр мен қырқа, жондарда

Ал қызыл түлкі аунайды (3,286).

Олар тау бөктеріне шықты да, тапталған даңғыл жолға түсіп тарта берді (4,195).

2 . Ұзақ сапар, алыс жол . Маруся чемоданына нәрселерін жайғастырып, ертеңгі жолға қамдануда (4,193).

Жолға шықтық құлама құз, жарықшақ тас бөктермен,

Опырылған жартастардың сынығымен кептелген,

Әлдеқайда, қиынырақ бұған дейінгі өткелден (5,113).

3 . Бағыт, бағдар, беталыс .

Асқақ ой, арыңа құштар ем,

Аға едің, ақылшы ең, ұстаз ең,

Өмірде өзіңдей болсам деп,

Еліктеп жолыңды ұстап ем (1,118).

Кеудемде қалғанша суып қан,

Қош, Саша, мен сені ұмытпан!

Бірақ та таңдаған жолыңды ,

Ғафу ет, жаныма жуытпан (1,118).

4. Біреудің өмір жолы, істеген ісі, қалдырған ізі; үлгі, өнеге .

Балғын шағында өмірге жаңа аттанған,

Бағыңа бастар адалдық жолға ап барғам.

Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған,

Кезің де болды, қайтейін, маған дақ салған (3,246).

Бұл біздің фольклорымыздың салып берген сара жолы (4,306).

5 . Бір істің істелу барысы, орындалуы . Ол сарыла жүріп тапқан әдемі ойын оқушысына жеткізу жолында әсіресе қызыл әсем сөзді, тастай қатқан ұйқасты, ұрдым-пердім ырғақты тәрік қылуға бар да, ойын көмескілеуге жоқ (4,282). Уақыт өз рөлімді маған да бөліп берген, соны дұрыстап ойнап шығу жолында мен де тырбанып бағам, әрине (4,50).

6 . ауыс. Амал, айла, тәсіл .

Періден алыс бір жер бар құйттай ғана кеңдігі,

Көрдің қабырғалары әкетері алыс белгілі,

Гүрілінен танытқан құтылар жол сол ендігі (5,164).

Екі айыпкер бірігіп, айығар анық жол іздедік (4,244). Сөз жоқ, мұның бәрі өлең жасап, арзан атақ алудың төте жолы екенін тәжірибе көрсетіп отыр (4,317).