ЖОЛБАРЫС

lat: JOLBARYS

терісі жолақ жүнді, азулы ірі жыртқыш аң. Түркістан жолбарысы Еуропа немесе үнді жолбарысына қарағанда ірілеу, әрі қайратты, жүн жамылғысы суыққа төзімді болған. Оның ресми ғылыми атауы Тұран жолбарысы.ХVІІІ-ХІХ ғғ. Сыр-Арал бойы, Балқаштың оңтүстігінде (тіпті, ХХ ғ.-дың ортасына дейін), Шудың төменгі сағасында, Алатау аңғарындағы Іленің қамысты, тоғайлы алқаптарында жолбарысы аз болмаған.