ЖОҚТА

lat: JOQTA

ет. 1 . Сұрау салу, іздеу .

Фариза! Фаризажан, Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз (3,72).

Ей, болашақ!

Ошағында от жансын!

Мүмкін, бізді ұмытарсың.

Кім біледі,

Жоқтарсың (2,370).

2 . этн. Қайтыс болған адамды аза тұтты, дауыс шығарып жылау, жоқтау айту .

Оң қабақ көрсетпедің сен де мүлде,

Көрсетпе.Жоқтама да өлгенімде,

«Бастан жақ та айырылар» дейді ғой жұрт,

Айырыласың, Түспейсің көрге бірге! (3,260).

Қара орман қара жамылып,

Жоқтаса асыл ұлдарын.

Жас қайың жерге табынып,

Мұң етіп шағар сырласын (2,316).