ЖОСПАР

lat: JOSPAR

ғимарат (немесе оның үй-жайларының біреуінің) не ғимараттар кешенінің, елді мекеннің не оның жекелеген бөліктерінің көлденең проекциясының белгілі масштабта орындалған графикалық бейнеленуі. Жоспарда қабырғалар, тіректер мен жабындардың құрылымы, интерерьдегі жиһаздардың орналасуы, өндірістік үй-жайлардағы жабдықтардың орналасуы мен технологиялық процестердің схемасы, аумақты көгалдандыру, қаланың көлік желісінің сұлбасы және т.б. көрсетілуі мүмкін.