lat: JOSYN
(Шығ. Қаз., Больш.; Тау., Қош.; МХР; ҚХР) әдет-ғұрып, салт, ырым.
Бұрыннан келе жатқан ж о с ы н д ы білмейді екенсің (Тау., Қош.).
Ж о с ы н с ы з ел бола ма? (МХР).
Қазақ халқында әйелді босандырып алуда да, көптеген ырым-ж о с ы н д а р жүріледі (Б. Кем., Мон. қаз. салт-дәс., 3).
Ұрпағы үшін ата-енесі әр түрлі ырым, ж о с ы н д а р д ы ұмытпай, кезегімен жасап отыруды бірлесіп ақылдасып, уақытында рәсімін өткізіп отырады (Б. Кем., Мон. қаз. салт-дәс., 32).
Екі қолды артқа ұстап жүрудің де ж о с ы н ы теріс (А. Қай., Б. Боп., Қаз. ырым., 12).
Он үште отау иесі, он сегізде ел иесі деген солардан қалған ж о с ы н (С. Тәу., Арм. тау, 10).