ЖҰМЫСТАН ШЕТТЕТУ

lat: JUMYSTAN SHETTETÝ

Жұмысшыны жалақысын төлеуді тоқтата тұрып, еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату.

Мысалы, лауазымдық тұлғаға қарсы қылмыстық іс қозғалған жағдайда, тергеуші немесе жауап алушы орган, прокурордың немесе оның орынбасарлары санкциялауы тиіс, айыпталушыны лауазымынан шеттету туралы уәжделген қаулы шығаруы мүмкін. Әкімшіліктің қылмыс істеді деген күдікті немесе айыпталушы адамдарды жұмыстан шеттетуге құқығы болмайды. Ақтау туралы үкім шығарылғанда немесе іс тоқтатылғанда кәсіпорын жұмысшыға жұмыстан шеттетілген уақыт үшін жалақы төлеуге міндетті. Мас күйінде, есірткі немесе уытты мастану күйінде жұмысқа келген жұмысшыны әкімшілік сол күні жұмысқа (ауысымға) жібермейді.