lat: JUPAR
(пар. иафар يافار ) – әдемі хош иіс.
Қарасам, мүскі жұпар иісі бар, Кім көрсе ақылын танар, биһұш болар («Қисса Шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).
Дүния емес, депті, жаннат ұжмағы, Жұпар иісі аңқып әрбір тұстағы («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).
Бойың зипа, миск жұпар шашыңыз бар, Мұхиттың гауһарындай басыңыз бар («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).