Түбір сөзден соң жалғанатын қосымша. Жұрнақ түбір мен жалғаудың ортасында келеді. Олардың бірі жаңа сөз жасауға қолданылса, бірі сөзді өзгертіп түрлендіреді. Жұрнақтар әр түрлі (өлі, тірі жұрнақтар). Қазіргі өнімді, өнімсіз жұрнақтар саналып жүргендердің әуел баста мағыналы сөз болғаны да мәлім.