жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын, сөзжасамдық қосымша. «Тіл-құралдың» алғашқы басылымдарында А.Байтұрсынұлы жұрнақты «ішкергі жалғау» деп атап, жалғаудың құрамында қарастырса, кейінгі басылымдарында жеке атайды. Жалғау аз, жұрнақ көп екенін ес керте келіп, жалғау түбір сөзде де, туынды сөзде де бола беретінін, жұрнақ туынды сөздерде ғана болатынын айтады.