ЖЫҒА

lat: JYǴA

1. Алтынды, асыл тасты бас киім әшекейі. Маңдай тұсын төмен қарай үшкілдеп жыра тігіп, дәл алдына күміс айшық жыға, төбесіне құс қауырсын қадапты (Сәрсекеев Қ. Қарсаңда//Жұлдыз. 1977. 10. 130 б.).

2. Бас киімге қадаған үкі қырғауыл қауырсыны.

3. Соғыста киетін мол әшекейлі дулыға және дулығаның мойынды қылыштан қорғайтын артқы жиегі. Кейде батырлар да осындай сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киеді. Оның темірмен, шынжыр тормен қапталған әсем түрлері көп; бұларды «жыға» деп атаған (Қасиманов С. Қазақ халқының қол-өнері. Алматы, 1969. 189 б.).