lat: JYN SHAQYRÝ
«Əдебиет танытқыш» еңбегінде ең алғаш қолданылған термин. Бақсылар жын шақырған кезде өлең жолдарымен ұйқастырып, түрлі сөздер айтады. Олар əулие лерден, аруақтардан көмек сұрап, олардың аттарын атап, олармен сөз алмасқан. А.Байтұрсынұлы жынға айтылған сөздерді жын шақыру деп атаған. Ғалым «Жаңа келді ай Қожа, Жаңа келді күн Қожа, Ойдан келді ол Қожа, Қырдан келді ол Қожа» деп, жын шақыруға мысал келтірген.