ЖЫРАУ

lat: JYRAÝ

зат. Өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандарды орындайтын халық поэзиясының өкілі .

Қайтсем екен?

«Аттан!» деп ағайынға,

Құрбандыққа басымды шалайын ба?!

Қабай жырау қайда екен, не дер екен?!

Ақыл сұрап көрейін, барайын да (2,110).

Бабаларым, рақмет сендерге!

Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,

Арулардың ашпай кеткен сырларын,

Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын,

Қобызыңның шанағынан тыңдадым (2,192).