ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау-жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, көреген сәуе гей. Жырау тұлғасы ерте дәуірде, тайпалық одақтар бірлестігі тұсында қалыптасып, 15–18 ғасырларда үлкен өнер иесі жәнe қоғам қайраткерлері ретінде танылған. Соғысқа кірер алдыңда бата беріп, толғау жырлар айтып, жауынгерлердің рухын көтерген саяси, әскери, дипломатиялық істерге кеңінен араласқан, мемлекет басшысынық кеңесшісі қызметін де атқарған. Жырау сөзінің, алғаш хатқа түсуі XI ғасыр. Жыраулар ауыз әдебиетін өркендетуге, халықтың өлең-жыр дәстүрлерін, сөз өнерін байытуға, суырып салма ақындық өнердің қалыптасуына зор үлес қосқан. Жыраудың ноғай, қарақалпақ халықтарының поэзиясында да үлкен орны бар. Шығармалары халқымыздың рухани асыл қазынасына мол үлес болып қосылған жыраулар – Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Үмбетей, Бұхар, Ақтамберді т.б. Кейінгі дәуірлерде «жырау» сөзінің мағынасы өзгеріп, ақын-жыршы, эпостық жырларды айтушы ұғымында да қолданылатын болды (мәселен, Марабай, Мергенбай, Мұрын т.б.) Абылқасымов Б.