Жауапкершілігі артты

lat: Jaýapkershiligi artty

Белгілі бір іске жауапты, міндетті болуды күшейтеді. Ғани енді өз жауапкершілігінің арта түскенін жақсы түсінді (Ш.Өтепов, Ғани Мұратбаев). Енді оған жүктелген жауапкершілік, сенім бұрынғыдан да артты (Ә.Әлішев, Батыр.). «Адам баласы мәдениетінің жоғарғы сатысы!» деген сөздер жазушыға, өнер қайраткерлеріне қандай жауапкершілік артатынын тереңдей ойлануға тиістіміз (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Комиссия отырысында қабылданған шешімде қалалар мен аудандардың әкімдіктерінің жасөспірімдер арасында қылмысты көріністерді болдырмаудың нақты шараларын жасау жөнінде жауапкершілікті арттыру қажеттілігі атап көрсетілді («Жас Алаш»).