Жауапсыздық

lat: Jaýapsyzdyq

зат есім. Іске салқын, немқұрайды қараушылық. Көптеген совхоздарда әлі жауапсыздық күшті (Р.Райымқұлов, Қыз айна). Бұл салада ең алдымен асыра сілтеу кезінен қалған тоңмойындық пен жауапсыздыққа қарсы күресіп, қызмет басындағы кейбір үлкендердің қиянатын әшкерелегеніміз де болды (Ж.Арыстанов, Естен кетп.). Уәкіл болып барғандағы жауапсыздығы үшін, мен Серімбековке қатаң сөгіс жариялауды талап етемін (Б.Тілегенов, Уақыт).