Жауапты болады

lat: Jaýapty bolady

а) Міндетіне алады, жауап береді. Дарқан жылқыға жауапты болады (I.Жансүгіров, Шығ.). ә) Кінәлі болады, айып тартады. Хасен мырза жауапты болып, жер ауып, үш жылдай елде болмады (С.Бегалин, Замана.). Параны алушыдан бұрын берушінің өзі жауапты болады (З.Иманбаев, Солма. гүл.). Күндізгі мектептегілер оқуды тастап кетсе, олардың ата-аналары заң алдында жауапты болады («Халық мұғ.»).