Жауапты секретарь

lat: Jaýapty sekretar

а) Ұйымның не белгілі бір мекеменің күнделікті жұмысын атқарушы бірінші басшы. Менің келгеніме, өз байқауымша, бәрінен бұрын жауапты секретарь, өзіміз қатарлы қара домалақ жігіт қатты қуанғанға ұқсайды (Ө.Қанахин, Жер бас.). Жолдас Мұратбайұлы Ғани үш жыл Түркістан Орталық Комитетінде жауапты секретарь болып отырды (Ш.Өтепов, Ғани Мұратбаев). ә) Редакцияның күнделікті іс-қағаздарын жүргізуші қызметкер. Мен ол кезде «Бостандық туы» газетінің жауапты секретары едім (С.Мұқанов, Өсу жол.). Дайындаған материалдарының тең жарымынан артығы не редактордың, не оның орынбасарының, немесе жауапты секретарьдың алдынан қайтып жататын (М.Мағауин, Ақша қар).