Жаудыр

lat: Jaýdyr

етістік. 1. Жауғызу (Жаңбыр, қар). Үйіріп келіп жаудырдың, Қаңсыған шөлге жаңбырды (Қ.Аманжолов, Шығ.). 2. ауыспалы мағына. Үсті-үстіне төпелету, қаптату, көбейту. Жігіттер, өкінсеңдер әнімді аңсап, Армандай еске түсер менің даңқым. Сөздерді інжу-маржан ақтарғанда, Нөсердей сорғалатып жаудыратын (Ә.Найманбаев, Шығ.). Әй, тоқта, тоқта! Ақан кабинаның төбесінен жұдырық жаудырды (З.Шашкин, Өмір.). Кәрі мен жас ұстасып жағаларын, Жамырайды, білмейді не боларын. Кеш, аруақ, деп, тентекті, жалынады. Жаудырады иманын, тобаларын (М.Мақатаев, Шығ.).