а) Басып алды, өзіне бағындырды. «Ұлыбритания» аталып жүрген Англияны алсақ, оның жаулап алған жерінің мөлшері Россиядан әлдеқайда кең (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Оларды да Гитлер жаулап алды ғой (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Ұлы ханым, Әділдік пе мұныңыз? Өле өлгенше боп өтейін құлыңыз, Отырарды Мен қол ұшын бермесем, Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз? (М.Шаханов, Ғасырлар.). Жер бетін жаулап алған сәттерде гүл, Аймақты аспанымен ап кел де бұл. Көпіршігін тұтамын дәптерге бір, Сан соғып, соқпас үшін әттеңге құр (Ж.Жұматаев, Ләйлә). ә) Көп жерге тарады, жайылды; басып қалды. Естілмей үні бар маңда Құстар да естен танған-ды, Ұқсайды жаулап алғанға, Жас төлдер мына жалғанды (М.Мақатаев, Шығ.). Бірақ кейінгі ғасырларда Қаратау мен Сыр бойын құм жаулап алып келеді (Д.Досжанов, Зауал). Әлде бұл әуелден-ақ қала ма екен, Кейіннен орман келіп жаулап алған?! (Қ.Мырзалиев, Ақ отау).