Жауынгерлік листок

lat: Jaýyngerlik lıstok

Бригададағы күнбе-күнгі еңбек жетістіктерін жариялап отыратын жарнама қағаз. Бір бригадада шығатын жауынгерлік листок пен қабырға газетінде не жазылғанын екінші бригаданың адамдары біле бермейді (Б.Тоқтаров, Қыран.). Кешкі жауынгерлік листок тұқым сепкіштің жәшігінде шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан Мұсатайдың суретін салып қойыпты (З.Иманбаев, Солма. гүл.).