сын есім. 1. Төсеулі, салулы. Сыз еденде шоқпыт алаша, құрым киіз жаюлы жатыр (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). 2. Жазып, жайып қойылған (зат). Уа, қонағым, қонағым, Қайдан келдің, қарағым? Қой союлы, сары қымыз Жаюлы тұр тамағым (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Ауыл маңы тым-тырыс. Қос қарға талтаңдай басып, жаюлы жатқан ірімшікті торып жүр (Д.Досжанов, Кісі.). Құт қоныс қойны қайырлы, Алдымда Ақсу – Аюлы. Бұғылы мен Тағылы, Тарихтай жатқан жаюлы (С.Мәуленов, Алыс кет.).