Қол жұмысы, қарапайым қара жұмыс. Көбі майданға кеткен. Майданға кетпегендері осында шахталарда жай жұмыста жүр (І.Есенберлин, Алтын құс). Еңбекті дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін Жұмагүлді де, өзін де басқа жай жұмысқа аунатуы әбден мүмкін (А.Мекебаев, Періште.). Ат ерттеу, арба жегу, мал азықтандыру сияқты күнделікті жай жұмыстардың өзіне олар олақ (М.Иманжанов, Менің махабб.).