Жай жұмыс

lat: Jaı jumys

Қол жұмысы, қарапайым қара жұмыс. Көбі майданға кеткен. Майданға кетпегендері осында шахталарда ж а й ж ұ м ы с т а жүр (І.Есенберлин, Алтын құс). Еңбекті дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін Жұмагүлді де, өзін де басқа ж а й ж ұ м ы с қ а аунатуы әбден мүмкін (А.Мекебаев, Періште.). Ат ерттеу, арба жегу, мал азықтандыру сияқты күнделікті ж а й жұмыстардың өзіне олар олақ (М.Иманжанов, Менің махабб.).