Жайлы [жақсы] жатып, жақсы [жай] тұрыңыз

lat: Jaıly [jaqsy] jatyp, jaqsy [jaı] turyńyz

т і л е к. Қайырлы түн болсын! - Балаңызбен табыстырдым, апа, Хайрниса апаймен таныстырдым. Енді үйге барайын, жайлы жатып, жақсы тұрыңыз, - деп, Алмагүл кетуге айналды (С.Омаров, Өмір.). Жақсы жатып, жайлы тұрдыңыз ба? - деді бөлмеге кірген Бәтима (І.Есенберлин, Алтын құс). Ал Омар жақсы жатып, жайлы тұр деп Игнат Омардың арқасынан қақты да үйіне қарай кетті (Б.Тілегенов, Аққайнар).