с у ш а р. Өзен бойында орналасқандықтан, сол өзендердің жылдық режімдеріне тікелей байланысты экожүйелер. Көпшілік өзен бойындағы ж а й ы л м а л ы экожүйелер көктем, кейбір жылдары жаз айларында су тасыған кездерде су астында қалып, олардың бетіне сумен келген шөгінді жыныстар жиналады (Қаз. тілі термин. Су.). Ж а й ы л м а л ы э к о ж ү й е л е р топырақтары әртүрлі қабатты, аллювийлі шымды-шалғынды. Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгендіктен, жақсы өнім береді (Қаз. тілі термин. Су.). Ж а й ы лм а л ы э к о ж ү й е л е р көбінде шабындық ретінде, ал кейбір жағдайларда бақша егістері үшін пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Сушар.).