2,5 кесе еленген ұн тұзды су және бір жұмыртқадан қамыр иленеді. Орамал жауып 25-30 минут қоя тұрылады. Содан соң майға бір кесе ұн қосылып төрт бұрышты күлше жасалады. Қамыр оқтаумен жазылып, ортасына төртбұрышталған майлы күлше салынады. Қамыр конверт пішінде бүктеледі де 2 см қалыңдықта жазылады. Төрт бүктеліп 10-15 минут тоңазатқышқа қойылады. Салқындатылған соң қалыңдығы 1 см етіп жазылып стақанмен дөңгелектеп кесіледі. Ортасына жаңғақ қоспасы (қант ұлпасы және даршынмен араластырылған ұсақталған жаңғақ) салынады. Сөйтіп күлшелер қоспа түсіп қалмайтындар етіліп оралады, да майланған табаға салынып, бетіне жұмыртқа жағылады. 220-240° С температурада 15-20 минутта піседі. Дайын батон шаңышқыға түйреліп алынып қайнап тұрған балға батырылады. (1-2 минут) да тарелкаға салынып қант ұлпасы себіледі.