Жаңғырту

lat: Jańǵyrtý

етістік. Белгілі бір дүниені, халықтық мұраны жаңарту, қайта өңдеу.

Соңғы жылдары сол ұмытылған аспаптарды тауып, оларды жаңартып жасау, қайта жаңғырту жөнінде бірқатар жұмыстар істелді («Білім және еңбек»). Ендеше ең алдымен туған тілдің негізін білу, қазынасын бағалау парыз, оның алуан бояуын, жұпар иісін жаңарту, жаңғырту мүмкіншіліктерін тану қажет (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). Одан да маңыздысы рухани тазалыққа, дәстүрлі мәдениетін жаңғыртуға ұмтылды, өнердің барлық салаларында өзгеріс енгізді («Егемен Қазақстан»).