lat: Jańǵyrtýshy
зат есім. Жаңартушы, қайта тірілтуші, жалғастырушы.
Біз Махамбет жырларын жыраулық поэзия үлгісіне жатқызып, Төлеген жырларын жаңа үлгіні жаңартып, жаңғыртушы ақын деп айтып та жүрміз («Қаз. әдеб.»). Жүгеріші отағасымен дала төсінде дидарласып, сырласып тұрған сәтте маған жаратылысты жаңғыртушы атақты Мичуриннің: «Біз табиғаттан рақым күтіп отыра алмаймыз, оны одан алу біздің міндетіміз» деген пікірі есіме түсті (С.Байжанов, Сұңқар көңіл.).