Жаңа оңшылдар

lat: Jańa ońshyldar

Европалық мәдениеттің «қайта жаңғыртылуын» талап етіп, 70 жылдың бас кезінде Францияда белсене бой көрсеткен демократиялық дәстүрлерден, рационалистік философиялық мұрадан бас тартып, христиан дініне дейінгі Европаға оралуды уағыздады. «Жаңа оңшылдар» әлеуметтік әділеттілікке қарсы шығып, адамдар теңсіздігінің «табиғи және мәңгілік сипатын» дәлелдеуге әрекет жасады. Дүние жүзілік тарихтың алуан түрлілігін абсолюттендіріп, оның бірлігі мен прогресті дамуын теріске шығарды, бұл орайда олар тарихты белгілі бір циклдар мен құбылыстардың үнемі кезектесіп, қайталанып отыруы деп қарастырады. Көзқарастары жағынан неоконсервантизм идеяларына жақын.